Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Тура және кері пропорционал

Тапсырма

Аталған есеп қандай түрге жататынын анықтаңыз:

             

Егер Айна күніне \(\displaystyle 20\) бет оқитын болса, онда ол кітапты \(\displaystyle 9\) күнде оқып шығады. Егер Айна күніне \(\displaystyle 40\) бет оқыса, бұл кітапты оқуға қанша күн кетеді?

Шешім

Правило

Тура пропорционалдылық

Егер есепте бір шаманы бірнеше есе арттырған кезде, басқа шама да сонша есе артса, онда бұл есеп тура пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

             

            Егер есепте бір шаманы бірнеше есе азайту кезінде басқа шама да сонша есе азайса, онда бұл есеп тура пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

Правило

Кері пропорционалдылық

Егер есепте бір шаманы бірнеше есе арттырған кезде, басқа шама да сонша есе азаятын болса, онда бұл есеп кері пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

             

            Егер есепте бір шаманы бірнеше есе азайту кезінде басқа шама да сонша есе артса, онда бұл есеп кері пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

 

Есептің шарты бойынша, егер Айна күніне \(\displaystyle 20\) бетті оқыса, онда ол кітапты \(\displaystyle 9\) күнде оқып шығады. Кітаптағы беттер саны өзгермейтіндіктен, оқу жылдамдығы бірнеше есе артқан кезде, кітапты оқуға қажет күндер саны сонша есе азаяды. Демек, бұл есеп кері пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

Жауабы: кері пропорционалдылыққа арналған есеп.