Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Тура және кері пропорционал

Тапсырма

Пропорционалдылық түрін анықтаңыз:

             

            \(\displaystyle 5\) машина күніне \(\displaystyle 35\) тонна жүк шығарады,

Дәл сондай жүк көтергішті \(\displaystyle 10\) машина күніне \(\displaystyle 70\) тонна жүк шығарады.

 

Шешім

Правило

Тура пропорционалдылық

Егер есепте бір шаманы бірнеше есе арттырған кезде, басқа шама да сонша есе артса, онда бұл есеп тура пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

             

Егер есепте бір шаманы бірнеше есе азайту кезінде басқа шама да сонша есе азайса, онда бұл есеп тура пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

Правило

Егер есепте бір шаманы бірнеше есе арттырған кезде, басқа шама да сонша есе азаятын болса, онда бұл есеп кері пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

             

Егер есепте бір шаманы бірнеше есе азайту кезінде басқа шама да сонша есе артса, онда бұл есеп кері пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

Есептің шарты бойынша, \(\displaystyle 5\) машина күніне \(\displaystyle 35\) тонна жүк шығарады.

            Машиналар саны екі есе артқан кезде (\(\displaystyle 5\) машина болған, енді \(\displaystyle 10\) машина болды) шығарылатын жүктің саны да екі есеге артқандықтан, бұл есеп тура пропорционалдылыққа арналған есеп болып табылады.

 

Жауабы: бұл тура пропорционалдылық.