Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Өрнектерді құруға арналған есептер

Тапсырма

Бірінші кеменің салмағы - \(\displaystyle m\) тонна. Екіншінің салмағы - \(\displaystyle 170\) тонна. Тиегеннен кейін бірінші кеме \(\displaystyle 13\) есе, екіншісі - \(\displaystyle s\) есе ауыр болады. Тиегеннен кейін екі кеменің салмағы қанша?

 

Шешім

1. Тиегеннен кейін бірінші кеме \(\displaystyle 13\) есе ауыр болады, сәйкесінше салмағы

          \(\displaystyle 13\cdot m\) тонна болады.

2. Екінші кеменің салмағы \(\displaystyle s\) есе ауыр болады, яғни екінші кеменің салмағы

          \(\displaystyle 170\cdot s\) тонна болады.

3. Тиегеннен кейін екі кеменің салмағы

          \(\displaystyle 13\cdot m+170\cdot s\) тоннаға тең болады.

Жауабы: \(\displaystyle 13\cdot m+170\cdot s\).