Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Диаграммалар

Тапсырма

Диаграммада Атбасардағы \(\displaystyle 1994\) жылдың әр айындағы орташа айлық ауа температурасы берілген. Көлденеңінен айлар, тігінен-температура Цельсий градусымен берілген. Берілген диаграммадан \(\displaystyle 1994\) жылдың бірінші жартысындағы ең жоғары орташа айлық температураны анықтаңыз. Жауабын Цельсий градусымен беріңіз.

Шешім

Жылдың бірінші жартысы қаңтардан маусымға дейінгі айлардан құралады.

Маусым және шілде айларына сәйкес бағандар арасында тік түзу сызамыз:


 

Ерекшеленген түзудің сол жағында жатқан бағандарды ғана қарастырамыз. Олардың арасынан шыңы басқаларынан жоғары жатқанын табамыз:


 

Біз температураны көрсететін осьтен таңдалған бағанның жоғарғы жағына сәйкес келетін белгіні табамыз. Ол \(\displaystyle 12\) және \(\displaystyle 16\) және мәндерінің дәл ортасында орналасқан:

 


 

Демек, бұл белгі \(\displaystyle 14\) градус Цельсий мәніне сәйкес келеді.

Жауап: \(\displaystyle 14\) градус Цельсий.