Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Санның арифметикалық түбірі ұғымы және оның негізгі қасиеті.

Тапсырма

Нақты сандарда бар өрнекті таңдаңыз:

Шешім

Правило

Егер \(\displaystyle a \) теріс болмаса, \(\displaystyle a \) санының түбірі бар болады (нақты сандарда).

Яғни, егер \(\displaystyle a\ge 0{\small } \) болса, \(\displaystyle \sqrt{ a} \) болады.          

Берілген өрнектерді тексерейік.


1)  \(\displaystyle \sqrt{-2}\)

\(\displaystyle -2<0{\small } \) болғандықтан, онда \(\displaystyle -2 \) -ден квадрат түбірді алу мүмкін емес, және \(\displaystyle \sqrt{-2}\) жоқ.


2) \(\displaystyle \sqrt{ 11} \)

\(\displaystyle 11\ge 0{\small } \) болғандықтан, онда \(\displaystyle 11 \)- ден квадрат түбірді алуға болады, және \(\displaystyle \sqrt{11}\) бар.


3) \(\displaystyle \sqrt{7-3\cdot 3}\)

\(\displaystyle 7-3\cdot 3=7-9=-2<0{\small } \) болғандықтан, онда \(\displaystyle 7-3\cdot 3 \)- ден квадрат түбірді алу мүмкін емес, және \(\displaystyle \sqrt{7-3\cdot 3}\) жоқ.


4) \(\displaystyle \sqrt{-2+2{,}31}\)

\(\displaystyle -2+2{,}31=0{,}31\ge 0{\small } \) болғандықтан, онда \(\displaystyle -2+2{,}31\)- ден квадрат түбірді алуға болады, және \(\displaystyle \sqrt{-2+2{,}31}\) бар.


Жауабы: \(\displaystyle \sqrt{11}\) және \(\displaystyle \sqrt{-2+2{,}31}{\small . } \)


Замечание / комментарий

Квадрат түбірдің анықтамасын еске түсірейік.

Определение

Квадрат түбір

\(\displaystyle a \) санының квадрат түбірі деп \(\displaystyle b^{\,2}=a{\small } \)  болатын \(\displaystyle b{\small } \) саны аталады. 

\(\displaystyle a\) квадрат түбірді алуға болатын бір сан болсын, яғни \(\displaystyle a=b^{\,2}{\small } \) болатын \(\displaystyle b{\small } \) саны табылсын. Сонда

\(\displaystyle a=b^{\,2}\ge 0{\small .}\)

Сондықтан квадрат түбірді тек теріс емес саннан алуға болады.