Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы:

Тапсырма

Теңбүйірлі трапецияның үлкен табаны \(\displaystyle 34 . \) Бүйір қабырғасы \(\displaystyle 14 . \) Сүйір бұрыштың синусы \(\displaystyle \frac{2\sqrt{10}}{7}\small.\) Кіші табанын табыңыз.

Шешім

 \(\displaystyle ABCD\small\) теңбүйірлі трапециясының \(\displaystyle AD=34\) үлкен табаны болсын, \(\displaystyle AB=CD=14\) бүйір қабырғалары болсын

Теңбүйірлі трапецияның қасиетіне сәйкес табанындағы бұрыштары тең:

\(\displaystyle \sin \angle A=\sin \angle D=\frac{2\sqrt{10}}{7}\small.\) 

 \(\displaystyle BC\small\) табу керек

Трапецияның  \(\displaystyle BH\) және \(\displaystyle CK\) биіктіктерін жүргіземіз


 \(\displaystyle ABH\small\) үшбұрышынан \(\displaystyle AH \) кесіндісін табамыз

 \(\displaystyle \sin \angle BAH=\frac{2\sqrt{10}}{7}\) және \(\displaystyle AB=14\small.\) белгілі

\(\displaystyle \sin \angle BAH=\frac{ BH}{AB}\small\) болғандықтан,

онда

\(\displaystyle BH={AB}\cdot {\sin \angle BAH}={14}\cdot{\frac{2\sqrt{10}}{7}}={4\sqrt{10}}\small.\)

Пифагор теоремасы бойынша

\(\displaystyle AH^2=AB^2-BH^2\small.\)

демек

\(\displaystyle AH^2=14^2-(4\sqrt{10})^2=196-160=36=6^2\small.\)

Кесіндінің ұзындығы оң болғандықтан \(\displaystyle AH=6\small.\)


Трапецияның табандары параллель және трапецияның биіктіктері табандарына перпендикуляр болғандықтан , \(\displaystyle BH K C \) – тіктөртбұрыш

Онда \(\displaystyle H K =BC\small.\)

 \(\displaystyle ABH\) және \(\displaystyle DCK\) тікбұрышты үшбұрыштары \(\displaystyle AB=CD\) гипотенузалары және  \(\displaystyle BH=CK\small\) катеттері бойынша тең.

Демек \(\displaystyle DK=AH=6\) және

\(\displaystyle BC=HK=AD-AH-DK=\)

\(\displaystyle =34-6-6=22\small.\)

Жауабы: \(\displaystyle 22 \small.\)