Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 05 Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер

Тапсырма

Теңбүйірлі үшбұрыштың биіктігі \(\displaystyle 4 ,\) табаны \(\displaystyle 6 \) тең. Іштей сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Шешім

\(\displaystyle ABC\) – биіктігі  \(\displaystyle CH=4\) және табаны \(\displaystyle AB=6 \small\) болатын теңбүйірлі үшбұрыш болсын.

Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеті бойынша \(\displaystyle CH\) биіктігі медиана да болып табылады,

\(\displaystyle AH=BH=\frac{1}{2} \cdot AB=3 \small.\)

 \(\displaystyle ACH\) тікбұрышты үшбұрыштан Пифагор теоремасы бойынша төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle AC^2=AH^2+CH^2 \small,\)

сонда

\(\displaystyle AC^2=3^2+4^2=9+16=25 \small,\)

\(\displaystyle AC=5 \small.\)

Яғни,

\(\displaystyle S=\frac{1}{2} \cdot AB\cdot CH=\frac{1}{2}\cdot 6\cdot 4=12 \small.\)

 

Үшбұрыштың периметрі келесіге тең

\(\displaystyle P=AB+BC+CA=6+5+5=16 \small,\)

осыдан жарты периметр

\(\displaystyle p=\frac{1}{2} \cdot P=8 \small.\)

Формула бойынша

Правило

Іштей сызылған шеңбердің радиусы арқылы үшбұрыштың ауданы

\(\displaystyle S=pr \small,\)

\(\displaystyle p=\frac{a+b+c}{2}\) – жарты периметр,

\(\displaystyle r\) – іштей сызылған шеңбердің радиусы.

төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle r=\frac{S}{p}=\frac{12}{8}=1{,}5 \small.\)

Жауабы: \(\displaystyle 1{,}5 {\small .}\)