Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ауданы

Тапсырма

Тік бұрышты трапецияның табандары \(\displaystyle 10 \) және \(\displaystyle 4 .\) Оның ауданы \(\displaystyle 14\sqrt{3}\small.\) Осы трапецияның сүйір бұрышын табыңыз. Жауабыңызды градуспен көрсетіңіз.

Шешім

\(\displaystyle ABCD\) – тікбұрышты трапециясында \(\displaystyle A\) және \(\displaystyle B\) бұрыштары тік және \(\displaystyle C\small\) бұрышы доғал бұрыш болсын, онда оның табандары \(\displaystyle BC=4\) және \(\displaystyle AD=10\small,\) \(\displaystyle \\ \)үлкен бүйір қабырғасы \(\displaystyle CD\small.\)

 \(\displaystyle CH\small\) биіктігін түсіреміз

 \(\displaystyle ABCH\) төртбұрышының барлық бұрыштары тік болғандықтанол тіктөртбұрыш. Сонымен \(\displaystyle AH=BC=4\small.\)

Онда

\(\displaystyle HD=AD-AH=10-4=6\small.\)


Трапецияның ауданы табандарының қосындысының жартысының биіктігіне көбейтіндісіне тең болғандықтан,  

\(\displaystyle {S_{трап}} = \frac{{AD}+{BC}}{2}\cdot {CH} {\small ,}\)

онда

\(\displaystyle 14\sqrt{3} = \frac{{10}+{4}}{2}\cdot {CH} {\small ,}\\ \)

\(\displaystyle 14\sqrt{3} = 7 \cdot {CH} {\small ,}\)

осыдан

\(\displaystyle {CH}=\frac{14\sqrt{3}}{7}=2\sqrt{3} {\small .}\)


 \(\displaystyle CDH\) тікбұрышты  үшбұрышынан трапецияның \(\displaystyle CHD\small\) сүйір бұрышын табамыз

Бізге  \(\displaystyle CH=2\sqrt{3}\) және \(\displaystyle HD=6\small\) катеттері белгілі

Пифагор теоремасы бойынша

\(\displaystyle \begin{aligned} CD^2&=CH^2+DH^2=\\&=(2\sqrt{3})^2+6^2=12+36=48\small.\end{aligned}\)

Кесіндінің  ұзындығы оң болғандықтан, онда

\(\displaystyle CD=\sqrt{48}=4\sqrt{3}\small.\)

 \(\displaystyle CD\) гипотенузасы  \(\displaystyle CH\small,\) катетінен екі есе үлкен болатындықтан \(\displaystyle CH\) катетіне қарсы  \(\displaystyle 30^{\circ}\small\) бұрыш жатады,

\(\displaystyle \angle CDH=30^{\circ}\small.\)

Жауабы: \(\displaystyle 30^{\circ}\small.\)