Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 05 Тікбұрышты көпбұрыштардың беткі ауданы

Тапсырма

Суретте көрсетілген фигураның бетінің ауданын табыңыз. Барлық екіжақты бұрыштар түзу.

96
Шешім

Берілген көпбұрышты тікбұрышты параллелепипедке дейін аяқтап, өлшемдерді белгілейік:


Үлкен параллелепипедтің бетінің ауданын \(\displaystyle S_1{ \small } \) есептейміз:

Ол үшін бүкіл параллелепипедтің беткі ауданынан қызыл түске боялған фигуралардың ауданын азайтамыз.

Параллелепипедтің өлшемдері \(\displaystyle 1{ \small ,}\, 5\) және \(\displaystyle 7{ \small } \) тең, ал қызыл фигураның өлшемдері  \(\displaystyle \color{red}{ 1}\) және \(\displaystyle \color{red}{ 2}{ \small } \) тең болғандықтан, онда ізделініп отырған беткей ауданы

\(\displaystyle S_1=2\cdot 1\cdot 5+2\cdot 1\cdot 7+2\cdot 5\cdot 7-\color{red}{ 1}\cdot \color{red}{ 2}-\color{red}{ 1}\cdot \color{red}{ 2}=90{\small .} \)


Кіші параллелепипедтің бетінің ауданын \(\displaystyle S_2{\small } \) есептейік

Ол үшін жасыл түске боялған фигуралардың аудандарын қосамыз.

Параллелепипедтің өлшемдері \(\displaystyle 2{ \small ,}\, 1\) және \(\displaystyle 1{ \small } \) тең болғандықтан, онда ізделініп отырған беткей ауданы

\(\displaystyle S_1=1\cdot 1+1\cdot 1+1\cdot 2+1\cdot 2=6{\small .} \)

Демек, берілген фигураның бетінің ауданы \(\displaystyle S \) тең

\(\displaystyle S=S_1+S_2=90+6=96{\small .} \)

Жауап: \(\displaystyle 96{\small .} \)