Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 18 Дөңгелек денелердің комбинациясы-2

Тапсырма

Конустың жанында сфера сырттай сызылған (сферада конустың табанының шеңбері және оның төбесі бар). Шардың центрі конус табанының ортасында. Конустың жасаушысы \(\displaystyle 7 \sqrt 2 {\small.}\) Шардың радиусын табыңыз.

Шешім

Белгілеуді енгізейік:

  • \(\displaystyle r\) конус табанының радиусы,
  • \(\displaystyle h\) – конус биіктігі,
  • \(\displaystyle l\) оның жасаушысы.

Конустың жасаушысы \(\displaystyle l =7 \sqrt2\small\) белгілі. Оның табанының радиусын табу керек.

 

Шарт бойынша шардың центрі конус табанының ортасында болады.

Конустың табаны шардың үлкен шеңбері болып табылады.

Конустың биіктігі оның радиусына тең: \(\displaystyle h=r\)

Конус табанының \(\displaystyle OA \)радиусы және \(\displaystyle OB\) биіктігі арқылы құрылған \(\displaystyle BOA\) үшбұрышын қарастырайық.

\(\displaystyle BOA\) үшбұрышы - ұзындықтары \(\displaystyle r\) тең катеттері бар тікбұрышты

Конус жасаушысы болғандықтан, гипотенуза \(\displaystyle AB=7 \sqrt2 \small\) .

 

 

Сондықтан Пифагор теоремасы бойынша келесіні аламыз

\(\displaystyle AB^2=OB^2+OA^2\)

немесе

\(\displaystyle \left(7\sqrt2\right)^2=r^2+r^2\small,\)

осыдан

\(\displaystyle 2r^2=98 \small,\)

\(\displaystyle r^2=49 \small.\)

 \(\displaystyle r\) – радиус болғандықтан, онда \(\displaystyle r>0 {\small,}\) сондықтан

\(\displaystyle r=7{\small .}\)
 

Жауабы: \(\displaystyle 7{\small .} \)