Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 02 Ай сайынғы шығындарды анықтау

Тапсырма

Бір жыл ішінде абонент «Стандартты» тарифті қолданды, оның абоненттік төлемі айына \(\displaystyle 350\)теңгені құрады. Абонент Қазақстан Республикасының аумағында болған жағдайда, «Стандартты» тарифтің абоненттік төлеміне мыналар кіреді:

  • Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген нөмірлерге шығыс қоңыраулардың \(\displaystyle 300\)минутын қамтитын минуттар пакеті;
  • \(\displaystyle 3\) гигабайт мобильді интернетті қамтитын интернет пакеті;
  • айына \(\displaystyle 120\) SMS кіретін SMS пакеті.

Тариф пакетінен тыс минуттар, интернет және SMS құны кестеде көрсетілген.

Шығыс қоңыраулар\(\displaystyle 3\)тг./мин.
Мобильді интернет (пакет)\(\displaystyle 90\)тг. \(\displaystyle 0{,}5\)ГБ үшін
SMS\(\displaystyle 2\)тг./дана.

Наурызда абонент тариф пакетінен \(\displaystyle 0{,}75\)ГБ мобильді интернетті пайдаланды.

Абонентке наурыз айында абоненттік төлемге қосымша қанша мобильді интернет пакетін төлеуге тура келді?

Шешім

Абонентке наурыз айында абоненттік төлемге қосымша қанша мобильді интернет пакетін төлеуге тура келгенін анықтау қажет.

Шарт бойынша:

  • абоненттік төлемге \(\displaystyle 3\) Гб мобильді интернет кіреді;
  • тарифтен тыс құны \(\displaystyle 0{,}5\)ГБ үшін \(\displaystyle 90\)теңге, яғни  \(\displaystyle 1\) пакет үшін \(\displaystyle 0{,}5\)ГБ болатын пакеттерді сатып алуға болады.

Шарт бойынша абонент сонымен қатар  \(\displaystyle 0{,}75\)ГБ тариф пакетінен асып кетті.


Абонент сатып алуға тура келген \(\displaystyle 0{,}5\)ГБ пакет санын табамыз:

\(\displaystyle 0{,}75:0{,}5=1{,}5\)пакет.

Қосымша пакеттердің бүтін саны ғана сатылатындықтан \(\displaystyle 1{,}5\) ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектейміз:

\(\displaystyle 1{,}5 \color{red}{\longrightarrow} 2{\small.}\)

Демек, мобильді интернеттің \(\displaystyle 2\)пакетін сатып алуға және төлеуге тура келді.

Жауабы: \(\displaystyle 2\)