Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 02 Арақашықтық

Тапсырма

Жазда Нұрбол мен әкесі Лашын ауылында тұрады. Сенбіде олар велосипедпен Вятское ауылындағы велосипед дүкеніне бармақшы. Лашын ауылынан Вятское ауылына тікелей орманды жолымен жүруге болады. Кемеңгер ауылы арқылы Матай ауылына дейін түзу сызықты тас жолдан Вятское ауылына апаратын басқа тас жолға солға бұрылатын ұзағырақ жол бар. Кемеңгер ауылына тоғанның жанынан өтіп Вятское ауылына тікелей жолмен жететін үшінші бағыт бар.

Орманды жол мен жалғыз аяқ жол тас жолмен тікбұрышты үшбұрыштар құрайды.

 

Жоспарда әрбір торкөз қабырғасының ұзындығы \(\displaystyle 2\)км тең нүктелердің өзара орналасуы көрсетілген.     

Тас жол тұтас сызықпен, орманды жол мен жалғыз аяқ жол нүктелі сызықпен белгіленген.

Елді мекендер тиісті сандармен белгіленген:

Елді мекендерКемеңгер а.Вятское а.Матай а.Лашын а.
Сандар\(\displaystyle \bf1\)\(\displaystyle \bf2\)\(\displaystyle \bf3\)\(\displaystyle \bf4\)

Лашын ауылынан Вятское ауылына дейінгі тура қашықтықты табыңыз. Жауап километрмен беріледі.        

Шешім

Лашын ауылынан Вятское ауылына дейінгі тура қашықтықты табу қажет.    

Ыңғайлы болу үшін жоспардағы нүктелерді елді мекендер атауларының бірінші әріптерімен белгілейміз. 

Осылайша, \(\displaystyle \mathbf {ЛВ}\) кесіндінің ұзындығын километрмен табу қажет.     

1 - қадам. Торкөздегі \(\displaystyle \mathbf {ЛВ}\) ұзындығын табамыз: \(\displaystyle \mathbf {ЛВ}=17{\small.}\)

2 - қадам. Кесіндінің ұзындығын километрмен білдірейік

Шарт бойынша әр торкөз қабырғасының ұзындығы \(\displaystyle 2\)км тең.

Демек, \(\displaystyle 17\)торкөз кесіндісінің  ұзындығы 

\(\displaystyle 17 \cdot2=34\)км сәйкес келеді.

Демек, Лашыннан Вятское ауылына дейінгі тура қашықтық \(\displaystyle 34\)км құрайды.  

Жауабы: \(\displaystyle 34\)