Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 05 Ең жақсы нұсқаны таңдау

Тапсырма

Кестеде Батпақты ауылында, Ақтерек ауылында, Қабанбай ауылында және Матай ауылында орналасқан төрт дүкендегі кейбір азық-түліктердің құны (теңгемен) көрсетілген.      

Азық-түлік атауыБатпақты а.Ақтерек а.Қабанбай а.Матай а.
Сүт (\(\displaystyle 1\)л)\(\displaystyle 32\)\(\displaystyle 38\)\(\displaystyle 31\)\(\displaystyle 44\)
Нан (\(\displaystyle 1\)батон)\(\displaystyle 26\)\(\displaystyle 28\)\(\displaystyle 35\)\(\displaystyle 25\)
"Қазақстан" ірімшігі (\(\displaystyle 1\)кг)\(\displaystyle 220\)\(\displaystyle 260\)\(\displaystyle 230\)\(\displaystyle 240\)
Сиыр еті (\(\displaystyle 1\)кг)\(\displaystyle 360\)\(\displaystyle 350\)\(\displaystyle 330\)\(\displaystyle 400\)
Картоп (\(\displaystyle 1\)кг)\(\displaystyle 16\)\(\displaystyle 15\)\(\displaystyle 22\)\(\displaystyle 17\)

 

Нұрбол мен әкесі \(\displaystyle 3\)батон нан, \(\displaystyle 2\)кг сиыр еті және \(\displaystyle 3\)кг картоп сатып алғысы келеді. Мұндай азық-түліктер жиынтығы қай дүкенде ең арзан болады? Жауапқа осы дүкендегі осы жиынтықтың құнын жазыңыз.     

Шешім

Талап етіледі:

  1. елді мекендердің дүкендеріндегі берілген азық-түліктер жиынтығының құнын табу;
  2. табылған құндардың ең азын таңдау.

Жиынтыққа: \(\displaystyle 3\)батон нан, \(\displaystyle 2\)кг сиыр еті мен \(\displaystyle 3\)кг картоп кіреді.    

Кестенің тиісті жолдарындағы азық-түліктердің осы санының құнын есептейміз: 

Азық-түлік атауыСаныБатпақты а.Ақтерек а.Қабанбай а.Матай а.
Сүт (\(\displaystyle 1\)л)  \(\displaystyle 32\)\(\displaystyle 38\)\(\displaystyle 31\)\(\displaystyle 44\)
Нан (\(\displaystyle 1\)батон)\(\displaystyle \red 3\)д.\(\displaystyle 26 \red { \cdot3=78}\)\(\displaystyle 28\red { \cdot3=84}\)\(\displaystyle 35 \red { \cdot3=105}\)\(\displaystyle 25 \red { \cdot3=75}\)
"Қазақстан"  ірімшігі (\(\displaystyle 1\)кг)    \(\displaystyle 220\)\(\displaystyle 260\)\(\displaystyle 230\)\(\displaystyle 240\)
Сиыр еті (\(\displaystyle 1\)кг)  \(\displaystyle \red 2\)кг\(\displaystyle 360 \red { \cdot2=720}\)\(\displaystyle 350 \red { \cdot2=700}\)\(\displaystyle 330 \red { \cdot2=660}\)\(\displaystyle 400 \red { \cdot2=800}\)
Картоп (\(\displaystyle 1\)кг)\(\displaystyle \red 3\)кг\(\displaystyle 16 \red { \cdot3=48}\)\(\displaystyle 15\red { \cdot3=45}\)\(\displaystyle 22 \red { \cdot3=66}\)\(\displaystyle 17 \red { \cdot3=51}\)

 

Елді мекендердің әрқайсысында берілген жиынтықтың жалпы құнын табамыз:

  • Батпақты а.: \(\displaystyle 78+720+48=\red {846}\)теңге;
  • Ақтерек а.: \(\displaystyle 84+700+45=\red {829}\)теңге;
  • Қабанбай а.: \(\displaystyle 105+660+66=\red {831}\)теңге;
  • Матай а.: \(\displaystyle 75+800+51=\red {926}\)теңге.

Көріп отырғанымыздай, бұл азық-түліктер жиынтығын Ақтерек ауылының дүкенінде сатып алу арзанырақ болады - \(\displaystyle 829\)теңге. Бұл құнды жауапта көрсетеміз.    

Жауабы: \(\displaystyle 829\)