Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы:

Тапсырма

Қағаз парақтарының жалпы қабылданған пішімдері А әрпімен және А0, А1, Ат.б. сандармен белгіленеді. Апішімді парақтың ауданышаршы метрге тең тіктөртбұрыш пішінге ие. Егер Апішімді парақты кіші жағына параллель екіге қиса, онда екі бірдей Апішімдегі парақ алынады  Егер A1 парағын дәл солай екіге қиса, онда A2 пішімдегі екі парақ алынады  Және т.б.

Әр пішімдегі парақтың үлкен жағының кіші жағына қатынасы бірдей, сондықтан барлық пішімдегі парақтар ұқсас. Бұл мәтіннің пропорциялары мен оның парақтағы орналасуы парақтың пішімін өзгерткен кезде қаріпті кішірейту немесе үлкейту кезінде сақталуы үшін арнайы жасалады.

Кестеде А0, А1, Ажәне Апішімді төрт парақтың өлшемдері мм дәлдікпен берілген

Парақ нөміріҰзындығы (мм)Ені (мм)
\(\displaystyle 1\)\(\displaystyle 297\)\(\displaystyle 210\)
\(\displaystyle 2\)\(\displaystyle 420\)\(\displaystyle 297\)
\(\displaystyle 3\)\(\displaystyle 1189\)\(\displaystyle 841\)
\(\displaystyle 4\)\(\displaystyle 841\)\(\displaystyle 594\)

Пішімдер мен парақ нөмірлері арасындағы сәйкестік кестеде келтірілген:

\(\displaystyle А0\)\(\displaystyle А1\)\(\displaystyle А3\)\(\displaystyle А4\)
\(\displaystyle 3\)\(\displaystyle 4\)\(\displaystyle 2\)\(\displaystyle 1\)

\(\displaystyle А3\) пішімді парақтың кіші жағының ұзындығының үлкен жағына қатынасын табыңыз. Жауабын ондықтарға дейін дөңгелектеңіз.

Шешім

\(\displaystyle А3\) пішімді парақтың кіші жағының ұзындығының үлкен жағына қатынасын табу қажет.

Шешудің бірінші тәсілі

Шарт бойынша әр пішімдегі парақтың үлкен жағының кіші жағына қатынасы бірдей.

Яғни, парақтың кіші жағының ұзындығының үлкен жағына қатынасы кез-келген пішімді парақ үшін бірдей.

Яғни, берілген қатынасты қай парақтан іздеу маңызды емес.

Кестеден нөмірі 1 парақ үшін осы қатынасты табайық:

  • кіші жақтың ұзындығы  \(\displaystyle 210\)мм;
  • үлкен жағының ұзындығы  \(\displaystyle 297\)мм.

Ұзындықтардың қатынасын тауып нәтижені ондықтарға дейін дөңгелектейік:

\(\displaystyle 210:297≈0{,}70 \ldots≈0{,}7{\small.}\)

Жауабы: \(\displaystyle 0{,}7\)

 

Шешудің екінші тәсілі

Шарт бойынша кестедегі Апішімді параққа нөміріпарақ сәйкес келеді

Яғни, A3 парағының өлшемдері:

  • кіші жағының ұзындығы  \(\displaystyle 297\)мм;
  • үлкен жағының ұзындығы  \(\displaystyle 420\)мм.

Ұзындықтардың қатынасын тауып нәтижені ондықтарға дейін дөңгелектейік:

\(\displaystyle 297:420≈0{,}70 \ldots≈0{,}7{\small.}\)

Жауабы: \(\displaystyle 0{,}7\)