Қағаз парақтарының жалпы қабылданған пішімдері А әрпімен және А0, А1, А2 т.б. сандармен белгіленеді. А0 пішімді парақтың ауданы 1 шаршы метрге тең тіктөртбұрыш пішінге ие. Егер А0 пішімді парақты кіші жағына параллель екіге қиса, онда екі бірдей А1 пішімдегі парақ алынады Егер A1 парағын дәл солай екіге қиса, онда A2 пішімдегі екі парақ алынады Және т.б.
Әр пішімдегі парақтың үлкен жағының кіші жағына қатынасы бірдей, сондықтан барлық пішімдегі парақтар ұқсас. Бұл мәтіннің пропорциялары мен оның парақтағы орналасуы парақтың пішімін өзгерткен кезде қаріпті кішірейту немесе үлкейту кезінде сақталуы үшін арнайы жасалады.
Кестеде А0, А1, А3 және А4 пішімді төрт парақтың өлшемдері (мм дәлдікпен) берілген.
Парақ нөмірі | Ұзындығы (мм) | Ені (мм) |
\(\displaystyle 1\) | \(\displaystyle 297\) | \(\displaystyle 210\) |
\(\displaystyle 2\) | \(\displaystyle 420\) | \(\displaystyle 297\) |
\(\displaystyle 3\) | \(\displaystyle 1189\) | \(\displaystyle 841\) |
\(\displaystyle 4\) | \(\displaystyle 841\) | \(\displaystyle 594\) |
А1 пішімді қағаз 80 парақтан тұратын бумаларға салынған. Егер ауданы 1 шаршы метр қағаздың массасы 120г. тең болса, буманың массасын табыңыз. Жауабын граммен беріңіз.
Ауданы 1 шаршы метр қағаздың массасы 120г құрайтыны белгілі.
А1 пішімді 80 парақтан тұратын буманың массасын табу қажет.
Шарт бойынша 1 шаршы метр - бұл А0 пішімді парақтың ауданы.
Сондықтан А0 пішімді бір парақтың массасы 120г. тең.
Есепті 2 қадамда шешейік:
- А0 пішімді бір парақтан А1 пішімді қанша парақ алынатынын анықтайық.
- А1 пішімді 80 парақтың массасын табайық.
А0 пішімді бір парақтан А1 пішіміндегі бірдей 2 парақ алынатындықтан, А1 пішімді бір парақтың массасы А0 пішімді парақтың массасынан 2 есе кем.
Сондықтан А1 пішімді бір парақтың массасы
\(\displaystyle \frac{\blue{120}}{\red2}=\green{60}\)г.
Сонда осындай \(\displaystyle \orange{80}\) парақтан тұратын буманың массасы
\(\displaystyle \green{60} \cdot \orange{80}=4800\)г.
Жауабы: \(\displaystyle 4800\)