Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 01 Кесте бойынша сәйкестіктерді іздеу

Тапсырма

Саяжай учаскесінің иесі бу бөлмесі бар монша салуда. Бу бөлмесінің өлшемдері: ұзындығы \(\displaystyle 3{,}5\)м, ені \(\displaystyle 2{,}2\)м, биіктігі \(\displaystyle 2\)м. Бу бөлмесінде терезелер жоқ, ішке кіру үшін ені \(\displaystyle 60\)см есік жоспарланған, есік ойығының биіктігі \(\displaystyle 1{,}8\)м. Бу бөлмесін жылыту үшін электр немесе ағаш пешті пайдалануға болады. Кестеде үш пештің сипаттамалары келтірілген.

Пештің нөміріТүріБөлменің көлемі
(куб. м)
Масса (кг)Құны (тг.)
\(\displaystyle 1\)отын\(\displaystyle 8-12\)\(\displaystyle 40\)\(\displaystyle 18\,000\)
\(\displaystyle 2\)отын\(\displaystyle 10-16\)\(\displaystyle 48\)\(\displaystyle 19\,500\)
\(\displaystyle 3\)электр\(\displaystyle 9-15{,}5\)\(\displaystyle 15\)\(\displaystyle 15\,000\)

Ағаш пешті орнату үшін қосымша шығындар қажет емес. Электр пешін орнату үшін арнайы кабель қажет, ол \(\displaystyle 6500\)теңгені құрайды.

Бөлменің көлемі мен пештердің нөмірлері арасындағы сәйкестікті орнатыңыз, олар үшін бұл көлем бөлмені жылыту үшін ең жоғарғы болып табылады.    

Кестені толтырыңыз: 

Көлем (куб. м)\(\displaystyle 12\)\(\displaystyle 15{,}5\)\(\displaystyle 16\)
Пештің нөмірі Перетащите сюда правильный ответ Перетащите сюда правильный ответ Перетащите сюда правильный ответ
Шешім

Бастапқы кестеге сәйкес бөлменің көлемі мен пештердің нөмірлері арасында сәйкестікті орнату қажет, олар үшін бұл көлем бөлмені жылыту үшін ең жоғарғы болып табылады.     

Тек «Пеш нөмірі» және «Бөлме көлемі» бағандарымен жұмыс істейміз.

«Бөлме көлемі» бағанында шекті диапазон көрсетілген. Бұл дегеніміз, бірінші шама бөлмелерді жылытуға арналған ең төменгі, ал екіншісі ең жоғарғы шекті көлемге сәйкес келеді. Сондықтан тапсырма сұрағына жауап беру үшін осы бағандағы екінші шаманы қолданамыз:     

Көріп отырғанымыздай, ең үлкен көлем \(\displaystyle 12\)текше м. нөмірі \(\displaystyle 1\) пешке,  \(\displaystyle 15,5\)текше м. - нөмірі \(\displaystyle 3\) пешке, \(\displaystyle 16\)текше м. - нөмірі \(\displaystyle 2\) пешке сәйкес келеді.  

Кестені толтырайық: 

Көлем (куб. м)\(\displaystyle 12\)\(\displaystyle 15{,}5\)\(\displaystyle 16\)
Пеш нөмірі\(\displaystyle \bf 1\)\(\displaystyle \bf 3\)\(\displaystyle \bf 2\)