Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ықтималдықтар теориясы. Ықтималдықтың классикалық анықтамасы

Тапсырма

Такси фирмасында \(\displaystyle 15\) жеңіл автокөлік бар: оның \(\displaystyle 9\)ы қара түсті, бүйірлерінде сары жазулар бар, қалғандары қара жазулары бар сары түсті. Кездейсоқ шақыруға қара жазулары бар сары машинаның келу ықтималдығын табыңыз.

0,4
Шешім

\(\displaystyle A \) оқиғасы бойынша қара жазулары бар сары көлік келетін болсын.

Ендеше, оның \(\displaystyle P(A) \) ықтималдығы барлық қолайлы нәтижелер санының барлық ықтимал нәтижелер санына қатынасына тең.

Жалпы нәтижелердің саны

Фирмадағы автокөліктердің жалпы саны \(\displaystyle \blue{15 }{\small }\) , бұл жалпы нәтижелердің саны.

Барлық қолайлы нәтижелер

Тек екі типті машиналар бар: 

  • бүйірлерінде сары жазулары бар қара түсті,
  • қара жазулары бар сары түсті.

Бүйірлерінде сары жазулары бар қара түсті машиналар \(\displaystyle 9 {\small .}\)

Сондықтан қара жазулары бар сары машиналардың саны \(\displaystyle 15-9=\red{6}{\small .} \)

Осылайша,

\(\displaystyle P(A)= \frac{\small \text{қара жазулары бар сары түсті машиналар саны}}{\small \text{барлық машиналардың саны}}= \frac{\red{6}}{\blue{15}}= 0{,}4{\small .}\)


Жауабы: \(\displaystyle 0{,}4{\small .} \)