Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Қарама-қарсы оқиға, Ықтималдықтардың қосындысы мен көбейтіндісі

Тапсырма

Кинотеатрда бір-бірімен байланысты екі бірдей попкорн автоматы бар. Кешке қарай автоматта попкорнның таусылу ықтималдығы \(\displaystyle 0{,}4{\small . }\) Попкорнның екі автоматта да бірден таусылу ықтималдығы \(\displaystyle 0{,}36{\small . }\)

Кешке қарай попкорнның екі автоматта да қалу ықтималдығын табыңыз

0,56
Шешім

Оқиғалар

\(\displaystyle A\) – бірінші автоматта попкорн таусылды,

\(\displaystyle B\) – екінші автомата попкорн таусылды.

Онда

\(\displaystyle A \cdot B \) – бірінші және екінші автомата да попкорн таусылды.

Шарт бойынша \(\displaystyle P(A)=P(B)=0{,}4\)және\(\displaystyle P(A\cdot B)=0{,}36\)екені белгілі.

Қарама-қарсы оқиғалар

\(\displaystyle \overline{А}\) - автоматта попкорн таусылатыны дұрыс емес, яғни бірінші автоматта попкорн бар,

\(\displaystyle \overline{B}\) - екінші автоматта попкорн таусылатыны дұрыс емес, яғни екінші автоматта попкорн бар,

\(\displaystyle \overline{ A\cdot B}\) - бірінші және екінші автоматта попкорн таусылатыны дұрыс емес, яғни 

бірінші немесе екінші автоматта попкорн бар.

Попкорнның екі автоматта да қалу ықтималдығын, яғни,

\(\displaystyle \color{red}{P(\overline{A}\cdot \overline{B})}=\,?\) оқиғаның ықтималдығын табуымыз керек

 \(\displaystyle \color{red}{\overline{A}\cdot \overline{B}}\) оқиғаның ықтималдығын табуымыз керек:  

\(\displaystyle \overline{\color{red}{\overline{A}\cdot \overline{B}}}\) – екі автоматта да попкорн қалғаны дұрыс емес, яғни

попкорн кем дегенде бір автоматта жоқ:

\(\displaystyle \overline{\color{red}{\overline{A}\cdot \overline{B}}}=A+B{\small .}\)

Формуланы қолданамыз

Правило

Тәуелді оқиғалардың қосындысының ықтималдығы

\(\displaystyle P(A+B)=P(A)+P(B)-P(A\cdot B){\small .}\)

\(\displaystyle P(A+B)=P(A)+P(B)-P(A\cdot B)=0{,}4+0{,}4-0{,}36=0{,}44{\small .}\)

болғандықтан,

\(\displaystyle P(A+B)=P(\overline{\color{red}{\overline{A}\cdot \overline{B}}})=1-\color{red}{P(\overline{A}\cdot \overline{B})}{\small , }\)

онда келесіні аламыз:

\(\displaystyle \color{red}{P(\overline{A}\cdot \overline{B})}=1-0{,}44=0{,}56{\small .}\)

Жауабы:\(\displaystyle 0{,}56{\small . }\)