Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Бөлшекті натурал санға көбейту

Тапсырма

Көбейтінді неге тең:

\(\displaystyle \frac{6}{125} \cdot 5=\,?\)

Барлық дұрыс жауаптарды белгілеңіз.

Шешім

Правило

Бөлшекті натурал санға көбейту

Бөлшекті натурал санға көбейту үшін бөлшектің алымын берілген натурал санға көбейту керек.

Яғни, натурал сан \(\displaystyle \color{red}{n}\) және бөлшек \(\displaystyle \frac{a}{b}\) үшін

\(\displaystyle \frac{a}{b}\cdot \color{red}{n}=\frac{ a \cdot \color{red}{n}}{b}{\small .}\)

Жоғарыдағы ережеге сәйкес:

\(\displaystyle \frac{6}{125}\cdot5=\frac{6 \cdot 5}{125}{\small .}\)

Егер алымдағы көбейткіштерді көбейтсек, келесіні аламыз:

\(\displaystyle \frac{6 \cdot 5}{125}=\frac{\bf 30}{\bf 125}{\small .}\)

Сондықтан \(\displaystyle \frac{30}{125}\) - бірінші дұрыс жауап.

 

\(\displaystyle \frac{30}{125}\) бөлшегінен бөлімі \(\displaystyle 25{\small }\) бөлшек алу үшін бөлшектің алымы мен бөлімін \(\displaystyle 5\)-ке бөлу керек (\(\displaystyle 125:5=25\) болғандықтан):

\(\displaystyle \frac{30}{125}=\frac{30: 5}{125:5}=\frac{\bf 6}{\bf 25}{\small .}\)

Сонымен, \(\displaystyle \frac{6}{25}\) - екінші дұрыс жауап.

Жауабы: \(\displaystyle \frac{30}{125}, \frac{6}{25}{\small .}\)

 

Ескерту

\(\displaystyle 125=5\cdot 25{\small }\) екенін байқасақ, онда

\(\displaystyle \frac{6}{125}\cdot5=\frac{6 \cdot 5}{125}=\frac{6\cdot 5}{5\cdot 25}=\) (5- ке қысқартамыз) \(\displaystyle =\frac{6\cdot {\bf5}}{{\bf5}\cdot25}=\frac{6}{25}{\small .}\)