Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ең кіші ортақ бөлім

Тапсырма

Бөлшектің ең кіші ортақ бөлімін таңдаңыз:

\(\displaystyle \frac{1}{16\cdot7\cdot 25}\) және \(\displaystyle \frac{13}{2\cdot 27\cdot 49}\)

Шешім

Определение

Ең кіші ортақ бөлім

Ең кіші ортақ бөлім - бұл барлық ортақ бөлімдер арасындағы ең кіші сан.

Правило

Екі бөлгіштің ең кіші ортақ еселігі осы бөлшектердің ең кіші ортақ бөліміне тең.

Бірінші бөлшек бөлімі \(\displaystyle 16\cdot7\cdot 25=2^4\cdot 7 \cdot 5^2\).

Екінші бөлшек бөлімі \(\displaystyle 2\cdot 27\cdot 49=2\cdot 3^3 \cdot 7^2\).

 

\(\displaystyle 16\cdot7\cdot 25=2^4\cdot 7 \cdot 5^2\) және \(\displaystyle 2\cdot 27\cdot 49=2\cdot 3^3 \cdot 7^2\) сандарының ең кіші ортақ еселігі ( ЕКОЕ және жай көбейткіштерге жіктеу тақырыбын көру) 

\(\displaystyle ЕКОЕ(2^4\cdot 7 \cdot 5^2, 2\cdot 3^3 \cdot 7^2)=2^4\cdot 3^3 \cdot 5^2\cdot 7^2\) тең.

 

Демек, \(\displaystyle 2^4\cdot 3^3 \cdot 5^2\cdot 7^2=16\cdot 27\cdot 25 \cdot 49\) – \(\displaystyle \frac{1}{16\cdot7\cdot 25}\) және \(\displaystyle \frac{13}{2\cdot 27\cdot 49}\) бөлшектерінің ең кіші ортақ бөлімі.

 

Жауабы: \(\displaystyle 16\cdot 27\cdot 25 \cdot 49\).