Көбейтіндіні табыңыз:
\(\displaystyle 908 \cdot 4,37=\) \(\displaystyle ,\)
егер \(\displaystyle 908\cdot 437=396796\) екені белгілі болса.
Ондық бөлшектерді көбейту
Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:
1) әрқайсысында үтірден кейін қанша разряд болғанын есте сақтай отырып, осы бөлшектердің үтірлерін алып тастау және алынған натурал сандарды көбейту;
2) көбейтіндіде оңнан солға (\(\displaystyle \leftarrow\)) ондық бөлшектердің екеуінде де үтірден кейін барлығы қанша разряд болса, сонша цифрды санап, сол жерге үтір қою (қажет болса, сол жақтан қажетті нөлдерді қосуға болады).
Ондық бөлшек | Көбейту | Ондық бөлшек |
\(\displaystyle \leftarrow\) | \(\displaystyle \times\) | \(\displaystyle \leftarrow\) |
1. Бірінші амал:
\(\displaystyle 908\) (үтірден кейін нөл разряд болды),
\(\displaystyle 4,37\rightarrow 437\) (үтірден кейін екі разряд болды),
\(\displaystyle 908\cdot 437=396796\).
2. Екінші амал:
\(\displaystyle 908\) | \(\displaystyle \times\) | \(\displaystyle 437\) | \(\displaystyle =\) | \(\displaystyle 396796\) |
\(\displaystyle \leftarrow\) | \(\displaystyle \leftarrow\) | \(\displaystyle \leftarrow\) | ||
\(\displaystyle 0\) разряд солға | және | \(\displaystyle 2\) разряд солға | = | \(\displaystyle 0+2=2\) разряд солға |
Осылайша, көбейтіндіде оңнан солға қарай (\(\displaystyle \leftarrow\)) \(\displaystyle 0+2=2\) разряд санап, үтір қоямыз:
\(\displaystyle 396796=396796,\rightarrow 3967,96\).
Жауабы: \(\displaystyle 908 \cdot 4,37=3967,96\).