Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 08 Шеңберге сырттай сызылған көпбұрыш

Тапсырма

\(\displaystyle ABC\) үшбұрышында \(\displaystyle A\) бұрышының биссектрисасы \(\displaystyle B \) нүктесінен есептей отырып, \(\displaystyle 5:3\) қатынасында \(\displaystyle B\) төбесінен жүргізілген биіктікті бөледі. Егер \(\displaystyle ABC \) үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусы \(\displaystyle 5 \) тең болса, \(\displaystyle BC\) бүйір қабырғасының ұзындығын табыңыз.

Шешім

Есептің шарты бойынша сызба салайық.

 \(\displaystyle ABC{\small:}\) үшбұрышында

  • \(\displaystyle BH\) –  \(\displaystyle B{\small}\) төбесінен жүргізілген биіктік
  • \(\displaystyle AL\) –  \(\displaystyle A {\small}\) бұрышының биссектрисасы

Шарт бойынша \(\displaystyle \frac{BL}{LH}=\frac{5}{3} {\small,}\)

\(\displaystyle R=5 \) –  \(\displaystyle ABC{\small}\) үшбұрышына сырттай сызылған шеңбердің радиусы

 \(\displaystyle BC {\small}\) қабырғасының ұзындығын табу қажет

 

Синус теоремасы бойынша төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle \frac{BC}{\sin \angle A}=2 \cdot R {\small,}\\ \)

\(\displaystyle BC=2 \cdot R \cdot \sin \angle A {\small,}\\ \)

\(\displaystyle BC=2 \cdot 5 \cdot \sin \angle A =10 \cdot \sin \angle A{\small.}\\ \)

 \(\displaystyle \sin \angle A{\small}\) табу қажет

Тікбұрышты \(\displaystyle ABH{\small}\) үшбұрышын қарастырайық

  • \(\displaystyle AL\) –  \(\displaystyle A{\small} \) бұрышының биссектрисасы
  • \(\displaystyle \frac{LH}{BL}=\frac{3}{5} {\small.}\)

Үшбұрыштың бұрыш биссектрисасының қасиеті бойынша төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle \frac{AH}{AB}=\frac{LH}{BL}=\frac{3}{5} {\small.}\)

 

Тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір бұрыш үшін іргелес катеттің гипотенузаға қатынасы сол бұрыштың косинусына тең болғандықтан, онда

\(\displaystyle \cos \angle A = \frac{AH}{AB}=\frac{3}{5} {\small.}\)

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдік бойынша:

\(\displaystyle (\sin \angle A)^2+(\cos \angle A)^2=1{\small.}\)

Сонда

\(\displaystyle (\sin \angle A)^2=1-(\cos \angle A)^2=1- \bigg(\frac{3}{5}\bigg)^2=1-\frac{9}{25}=\frac{25-9}{25}=\frac{16}{25}= \bigg(\frac{4}{5}\bigg)^2{\small.}\\ \)

Яғни, \(\displaystyle \sin \angle A= \frac{4}{5} {\small.}\)

Төмендегіні аламыз

\(\displaystyle BC=10 \cdot \sin \angle A=10 \cdot \frac{4}{5}=8{\small.} \)

Жауабы: \(\displaystyle 8 {\small.}\)