Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 01 Жанама бұрыштар

Тапсырма

Центрі \(\displaystyle O\) болатын шеңбер доғаларының \(\displaystyle A\) және \(\displaystyle B\) ұштары арқылы \(\displaystyle AC\) және \(\displaystyle BC\) жанамалары жүргізілген. \(\displaystyle CAB\) бұрышы \(\displaystyle 32^\circ {\small }\) тең. \(\displaystyle AOB \) бұрышын табыңызЖауабын градуспен беріңіз.

Шешім

 \(\displaystyle \overset{\smile}{\color{blue}{AB}} \) доғасы  \(\displaystyle {AB} {\small }\) хордасымен керілсін

Қасиеті бойынша

Правило

Жанама мен хорданың арасындағы бұрыш

Жанасу нүктесі арқылы өтетін жанама мен хорда арасындағы бұрыштың шамасы олардың арасындағы доғаның жартысына тең

төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle \angle BAC =\frac{1}{2} \overset{\smile}{\color{blue}{AB}} {\small .} \)

Сонда

\(\displaystyle \overset{\smile}{\color{blue}{AB}} =2 \angle BAC =2\cdot 32=64^{\circ} {\small .} \)

\(\displaystyle AB\) доғасы жартылай шеңберден кіші болғандықтан, онда шеңбер доғасының градустық өлшемінің анықтамасы бойынша

Правило

Шеңбер доғасының градустық өлшемі

Жартылай шеңбердің градустық өлшемі  \(\displaystyle 180^{\circ}{\small }\) тең .

Егер шеңбердің  \(\displaystyle AB\) доғасы жартылай шеңберден кіші болса, онда оның градустық өлшемі  \(\displaystyle AOB{\small }\) орталық бұрышының градустық өлшеміне тең болады

Егер шеңбердің  \(\displaystyle AB\) доғасы жартылай шеңберден үлкен болса, онда оның градустық өлшемі  \(\displaystyle 360^{\circ}-\angle AOB{\small }\) тең.

төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle \color{blue}{\overset{\smile}{AB}}={\angle AOB}{\small .} \)

Яғни

\(\displaystyle {\angle AOB}=\color{blue}{\overset{\smile}{AB}}=64^{\circ }{\small .} \)

Жауабы: \(\displaystyle 64 {\small .}\)