Шеңберге диагональдары \(\displaystyle 3\) және \(\displaystyle 4 \) болатын параллелограмм сырттай сызылған. Параллелограммның ауданын табыңыз.
Сырттай сызылған төртбұрыштың қасиеті бойынша сырттай сызылған төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғаларының қосындылары тең болады.
Параллелограммда қарама-қарсы қабырғалар тең болғандықтан, параллелограммның барлық қабырғалары бір-біріне тең. Шартта берілген параллелограмм диагональдары \(\displaystyle 3\) және \(\displaystyle 4 \small\) болатын ромб болып табылады.
Ромбтың ауданын келесі формула бойынша табамыз
\(\displaystyle S=\frac{1}{2} \cdot d_1 \cdot d_2 \small,\)
мұндағы \(\displaystyle d_1\) және \(\displaystyle d_2\) – ромб диагональдары.
Сонда
\(\displaystyle S=\frac{1}{2}\cdot 3\cdot 4=\frac{1}{2}\cdot 12= 6 \small.\)
Жауабы: \(\displaystyle 6{\small .}\)