Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 06 Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер

Тапсырма

Дұрыс үшбұрыштың қабырғасы \(\displaystyle \sqrt{3} \small\) тең. Осы үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің радиусын табыңыз.

Шешім

Дұрыс  \(\displaystyle ABC \small\) үшбұрышының \(\displaystyle BH\) биіктігін жүргізейік

 \(\displaystyle O\) – нүктесісырттай сызылған шеңбердің центрі болсын. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбердің центріортаңғы перпендикулярлардың қиылысу нүктесі.

Дұрыс үшбұрыштың ортаңғы перпендикулярлары да биіктік болып табылады.  Яғни \(\displaystyle O\) нүктесі \(\displaystyle BH \small\) биіктікте жатыр.

Теңбүйірлі үшбұрыштың \(\displaystyle BH\) биіктігі оның медианасы да болғандықтан, онда  

\(\displaystyle AH=\frac{1}{2} \cdot AB=\frac{\sqrt{3}}{2} \small.\)

Тікбұрышты  \(\displaystyle ABH \small\) үшбұрышынан \(\displaystyle BH\) кесіндінің ұзындығын табайық

Пифагор теоремасы бойынша

\(\displaystyle AB^2=AH^2+BH^2 \small.\)

Сонда

\(\displaystyle BH^2=AB^2-AH^2 \small,\)

\(\displaystyle BH^2=(\sqrt{3})^2-\left( \frac{\sqrt{3}}{2}\right)^2=3-\frac{3}{4}=\frac{9}{4} \small.\)

Кесіндінің ұзындығы оң болғандықтан, онда  \(\displaystyle BH=\frac{3}{2} \small.\)

Дұрыс үшбұрыштың биіктігі сондай-ақ медиана болып табыладыЯғни, \(\displaystyle O\) – медианалардың қиылысу нүктесі.

Сонда \(\displaystyle O\) нүктесі \(\displaystyle BH\) медианасын \(\displaystyle B \small\) төбесінен есептеу арқылы \(\displaystyle 2:1\small\) қатынасында бөледі 

Демек

\(\displaystyle R=OB=\frac{2}{3} \cdot BH=\frac{2}{3} \cdot \frac{3}{2}=1 \small.\)

Жауабы: \(\displaystyle 1 {\small .}\)