Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Дәрежелерді көбейту және бөлу қасиеттері (параметр)

Тапсырма

Кез келген нөлдік емес \(\displaystyle a\) және \(\displaystyle b\) сандары үшін өрнек дәрежесінің көрсеткішін табыңыз:

\(\displaystyle \frac{a^{\,31}\cdot b^{\,10}\cdot a^{\,17}\cdot b^{\,23}} {b^{\,19}\cdot a^{\,15}\cdot b^{\,11}\cdot a^{\,5}} = a\)
\(\displaystyle \cdot \, b\)
Шешім

Аталған өрнекті түрлендіру үшін алдымен - алымында да, бөлімінде де дәреже көбейтіндісінің ережесін қолданамыз.

Правило

Дәрежелер көбейтіндісі

\(\displaystyle a\) – сан, \(\displaystyle n,\, m\) – натурал сандар болсын, сонда

\(\displaystyle {\bf a^n\cdot a^m= a^{n+m}}.\)

Ауызша айтқанда, негіздері бірдей дәрежелерді көбейту кезінде дәреже көрсеткіштері қосылады.

\(\displaystyle \frac{\color{blue}{a}^{\,31}\cdot \color{green}{b}^{\,10}\cdot \color{blue}{a}^{\,17}\cdot \color{green}{b}^{\,23}} {\color{green}{b}^{\,19}\cdot \color{blue}{a}^{\,15}\cdot \color{green}{b}^{\,11}\cdot \color{blue}{a}^{\,5}}=\frac{\color{blue}{a}^{\,31\,+\,17}\cdot \color{green}{b}^{\,10\,+\,23}}{\color{green}{b}^{\,19\,+\,11} \cdot \color{blue}{a}^{\,15\,+\,5}}=\frac{\color{blue}{a}^{\,48}\cdot \color{green}{b}^{\,33}} {\color{green}{b}^{\,30} \cdot \color{blue}{a}^{\,20}}.\)

 

Ары қарай алынған бөлшекке дәрежелер бөліндісі ережесін қолданамыз.

Правило

Дәрежелер бөліндісі

\(\displaystyle a\) – нөлдік емес сан, \(\displaystyle n,\, m\) – натурал сандар, және\(\displaystyle n\ge m\) болсын, сонда

\(\displaystyle {\bf \frac{a^{\,n}}{a^{\,m}}}= a^{\,n}:a^{\,m}=a^{\,n\,-\,m}.\)

Ауызша айтқанда, негіздері бірдей дәрежелерді бөлу кезінде дәреже көрсеткіштері шегеріледі.

\(\displaystyle \frac{\color{blue}{a}^{\,48}\cdot \color{green}{b}^{\,33}} {\color{green}{b}^{\,30} \cdot \color{blue}{a}^{\,20}}=\color{blue}{a}^{\,48\,-\,20}\cdot \color{green}{b}^{\,33\,-\,30}=\color{blue}{a}^{\,28}\cdot \color{green}{b}^{\,3}.\)

Жауабы: \(\displaystyle a^{\,28}\cdot b^{\,3}.\)