Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ауытқу және абсолютті ауытқу.

Тапсырма

Бір апта бойы кітапхана күн сайын \(\displaystyle 20\) кездейсоқ келушілер арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама нәтижелері бойынша кітапхана каталогына қанағаттанбайтын келушілер саны жазылды.    

Каталогқа қанағаттанбайтын келушілер саны туралы деректер мыналар:  

\(\displaystyle 2,\,6,\,5,\,9,\,8\small.\)

Берілген жиынның орташа мәні: 

\(\displaystyle \overline{x}=\frac{2+6+5+9+8}{5}=6\small.\)

Сондай-ақ, абсолютті ауытқулар кестесі жасалды:   

\(\displaystyle (x)\) мәні\(\displaystyle 2\)\(\displaystyle 5\)\(\displaystyle 6\)\(\displaystyle 8\)\(\displaystyle 9\)
\(\displaystyle |x-\overline{x}|\) абсолютті ауытқу\(\displaystyle 4\)\(\displaystyle 1\)\(\displaystyle 0\)\(\displaystyle 2\)\(\displaystyle 3\)


Абсолютті ауытқулардың арифметикалық орташа мәнін табыңыз:  

\(\displaystyle \frac{|x_1-\overline{x}|+|x_2-\overline{x}|+\dots+|x_n-\overline{x}|}{n}=\)
2
Шешім

\(\displaystyle |x_i-\overline{x}|\) сандардың орташа арифметикалық мәнін табу қажет.  

Бұл сандар кестенің екінші қатарында берілген:   

\(\displaystyle 4,\,1,\,0,\,2,\,3\small.\)

Барлығы \(\displaystyle 5\) сан. Онда, олардың орташа арифметикалық мәні:   

\(\displaystyle \frac{4+1+0+2+3}{5}=2\small.\)

Жауабы: \(\displaystyle 2\small.\)