Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Натурал санды бөлшекке бөлу

Тапсырма

Бөліндіні табыңыз және осы бөліндіге тең бөлшекті таңдаңыз:

\(\displaystyle 12 :\frac{16}{17}\,=\)
 
Шешім

Правило

Натурал санды бөлшекке бөлу

Натурал санды бөлшекке бөлу үшін ол санды кері бөлшекке көбейту керек.

Яғни, бөлшекке бөлу үшін келесіні орындау қажет:

1) оны аудару (алым мен бөлімінің орындарын ауыстыру);

2) алынған бөлшекке көбейту.

Бөліндіні табайық:

\(\displaystyle 12:\frac{16}{17}=12\cdot \frac{17}{16}=\frac{12\cdot 17}{16}=\frac{204}{16}\).

Енді \(\displaystyle \frac{204}{16}\) бөлшегін шешім нұсқаларының бірінде оған тең бөлшекті табу үшін \(\displaystyle 4\) бөліміне келтіру керек:

\(\displaystyle \frac{204}{16}=\frac{?}{4}\).

Ол үшін осы бөлшектің алымы мен бөлімін \(\displaystyle 4\)-ке бөлу керек (өйткені \(\displaystyle 4=16:4\)):

\(\displaystyle \frac{204}{16}=\frac{204:4}{16:4}=\frac{51}{4}\).

Жауабы: \(\displaystyle \frac{51}{4}\).

 

Ескертпе

Егер \(\displaystyle 12=3\cdot4\) және \(\displaystyle 16=4\cdot4\) екенін ескерсек, онда төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle 12:\frac{16}{17}=12\cdot \frac{17}{16}=\frac{12\cdot 17}{16}=\frac{3\cdot 4 \cdot 17}{4\cdot 4}=\) (4 қысқартамыз) \(\displaystyle =\frac{3\cdot {4\not}\cdot17}{4\cdot {4\not}}=\frac{3\cdot 17}{4}=\frac{51}{4}\).