Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ондық бөлшектерді көбейту

Тапсырма

Көбейтіндіні табу:

\(\displaystyle 1,3\cdot 2,2=\) \(\displaystyle ,\)

Шешім

Правило

Ондық бөлшектерді көбейту

Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:

1. Ондық бөлшектер жазбасынан үтірлерді алу (қажет болса, сол жақтағы нөлдерді алып тастау).

2. Алынған натурал сандарды көбейту.

3. Көбейтіндіде үтірден кейінгі цифрлар саны бастапқы ондық бөлшектердегі үтірден кейінгі сандардың жалпы санына сәйкес келетіндей етіп үтір қою (қажет болса, сол жақтан нөлдердің қажетті санын қоюға болады).

Бірінші амал.

Ондық бөлшектерден натурал сандарды аламыз:

\(\displaystyle 1,3 \rightarrow 13\) (үтірден кейін бір цифр)

\(\displaystyle 2,2 \rightarrow 22\) (үтірден кейін бір цифр)

Демек, көбейтіндіде үтірден кейін \(\displaystyle 1+1=2\) цифр болуы керек.

 

Екінші амал.

Алынған натурал сандарды көбейтеміз:

\(\displaystyle 13\cdot 22=286\)

 

Үшінші амал.

Үтірді екі разрядқа солға жылжытамыз (\(\displaystyle \leftarrow\)):

\(\displaystyle 286 \rightarrow 2,86 \) (үтірден кейін екі цифр)

 

Жауабы: \(\displaystyle 2,86\).

 

Замечание / комментарий

Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде көбейтейік:

\(\displaystyle 1,3 \cdot 2,2=\frac{13}{10}\cdot \frac{22}{10}=\frac{13\cdot 22}{10\cdot 10}=\frac{286}{100}=2,86\).