Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ондық бөлшектерді көбейту

Тапсырма

Көбейтіндіні табу:

\(\displaystyle 3,2\cdot 22,5=\) \(\displaystyle ,\)

Шешім

Правило

Ондық бөлшектерді көбейту

Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:

1. Ондық бөлшектер жазбасынан үтірлерді алу (қажет болса, сол жақтағы нөлдерді алып тастау).

2. Алынған натурал сандарды көбейту.

3. Көбейтіндіде үтірден кейінгі цифрлар саны бастапқы ондық бөлшектердегі үтірден кейінгі сандардың жалпы санына сәйкес келетіндей етіп үтір қою (қажет болса, сол жақтан нөлдердің қажетті санын қоюға болады).

 

Бірінші амал.

Ондық бөлшектерден натурал сандарды аламыз:

\(\displaystyle 3,2 \rightarrow 32 \) (үтірден кейін бір цифр)

\(\displaystyle 22,5 \rightarrow 225\) (үтірден кейін бір цифр)

Демек, көбейтіндіде үтірден кейін  \(\displaystyle 1+1=2\) цифр болуы керек.

 

Екінші амал.

Алынған натурал сандарды көбейтеміз:

\(\displaystyle 225\cdot 32=7200\)

 

Үшінші амал.

Үтірді екі разрядқа солға жылжытамыз (\(\displaystyle \leftarrow\)):

\(\displaystyle 7200\rightarrow \ 72,00=72\)

 

Жауабы: \(\displaystyle 72\).

 

Замечание / комментарий

Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде көбейтейік:

\(\displaystyle 3,2 \cdot 22,5=\frac{32}{10}\cdot \frac{225}{10}=\frac{32\cdot 225}{10\cdot 10}=\frac{7200}{100}=72\).