Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Ондық бөлшектерді көбейту

Тапсырма

Көбейтіндіні табу:

\(\displaystyle 0,12\cdot 0,3=\) \(\displaystyle ,\)

Шешім

Правило

Ондық бөлшектерді көбейту

Ондық бөлшектерді көбейту үшін төмендегілерді орындау қажет:

1. Ондық бөлшектер жазбасынан үтірлерді алу (қажет болса, сол жақтағы нөлдерді алып тастау).

2. Алынған натурал сандарды көбейту.

3. Көбейтіндіде үтірден кейінгі цифрлар саны бастапқы ондық бөлшектердегі үтірден кейінгі сандардың жалпы санына сәйкес келетіндей етіп үтір қою (қажет болса, сол жақтан нөлдердің қажетті санын қоюға болады).

 

Бірінші амал.

Ондық бөлшектерден натурал сандарды аламыз:

\(\displaystyle 0,12 \rightarrow 012 \rightarrow 12\) (үтірден кейін екі цифр)

\(\displaystyle 0,3 \rightarrow 03 \rightarrow 3\) (үтірден кейін бір цифр)

Демек, көбейтіндіде үтірден кейін \(\displaystyle 2+1=3\) цифр болуы керек.

 

Екінші амал.

Алынған натурал сандарды көбейтеміз:

\(\displaystyle 12\cdot 3=36\)

 

Үшінші амал.

Үтірді санның басында қажетті нөлдер санын қосып, \(\displaystyle 2+1=3\) разрядқа солға (\(\displaystyle \leftarrow\)), жылжытамыз:

\(\displaystyle 36 \rightarrow 0036, \rightarrow 0,036 \) (үтірден кейін үш цифр)

 

Жауабы: \(\displaystyle 0,036\).

 

Замечание / комментарий

Ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде көбейтейік:

\(\displaystyle 0,12 \cdot 0,3=\frac{12}{100}\cdot \frac{3}{10}=\frac{12\cdot 3}{100\cdot 10}=\frac{36}{1000}=0,036\).