Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 09 Пирамида көлемі

Тапсырма

Пирамиданың табаныкатеттері \(\displaystyle 3\) және \(\displaystyle 4 \) болатын тікбұрышты үшбұрыш. Пирамиданың биіктігі \(\displaystyle 5 \) тең.  Осы пирамиданың көлемін табыңыз.

Шешім

Пирамиданың төбесін \(\displaystyle S\) және осы пирамиданың табанын \(\displaystyle ABC\) – арқылы белгілейік.

Пирамиданың көлемін есептеу үшін формуланы қолданайық.

Правило

Пирамида көлемі

Пирамиданың көлемі \(\displaystyle V\) табан ауданының биіктікке көбейтіндісінің үштен біріне тең.

\(\displaystyle V=\frac{1}{3}S_{табаны } \cdot h { \small ,} \)

мұндағы \(\displaystyle S_{табан} \) – табан ауданы,

\(\displaystyle h \) пирамиданың биіктігі.

\(\displaystyle S_{табаны }=6\)

Пирамиданың көлемін есептеу  үшін формулаға \(\displaystyle S_{\triangle ABC}\) және \(\displaystyle h\) алмастырайық:

\(\displaystyle V=\frac{1}{3}S_{табаны }\cdot h=\frac{1}{3}\cdot 6\cdot 5=10{\small. }\)

Жауабы: \(\displaystyle 10{\small .}\)