Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы:

Тапсырма

Дұрыс алтыбұрышты призманың табанының қабырғасы \(\displaystyle 5\small\) биіктігі \(\displaystyle 10 \small\) тең. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңыз.

300
Шешім

Определение

Дұрыс призма

Егер табандары дұрыс көпбұрыштар болса, түзу призма дұрыс деп аталады.

\(\displaystyle a=5\) – дұрыс алтыбұрышты призманың табанының жағы болсын,

\(\displaystyle h=10\) – осы призманың биіктігі.

Түзу призманың бүйір қабырғасы биіктікке сәйкес келеді және \(\displaystyle 10 \small \) тең.

 

Есептің шарты бойынша призманың бүйір бетінің ауданын \(\displaystyle S_{бүй}\) табу қажет.

 

1-әдіс

Призманың бүйір бетінің ауданы берілген призманың бүйір жақтарының аудандарының қосындысына тең.

Дұрыс призманың бүйір жақтарытең тіктөртбұрыштар.

Демек, бүйір жақтарының аудандары тең.

Бір жақтың ауданын \(\displaystyle S_{жақт}\) тіктөртбұрыштың ауданының формуласы бойынша табайық:

\(\displaystyle S_{жақт}=a \cdot h \small, \)

\(\displaystyle S_{жақт}=5 \cdot 10=50 \small. \)

Дұрыс алтыбұрышты призмада бүйір беті осындай алты жақтан тұрады. Яғни,

\(\displaystyle S_{бүйір }=6 \cdot S_{жақт} \small, \)

\(\displaystyle S_{бүйір }=6 \cdot 50=300 \small. \)

 

2-әдіс

Түзу призманың бүйір бетінің ауданын есептеу үшін формуланы қолданайық.

Правило

Түзу призманың бүйір бетінің ауданы

Түзу призманың бүйір бетінің ауданы \(\displaystyle S_{бүй} \) табан периметрі мен призманың биіктігінің көбейтіндісіне тең:

\(\displaystyle S_{бүйір }=P_{таб } \cdot h{ \small ,} \)

мұндағы \(\displaystyle P_{таб} \) – табан периметрі,

\(\displaystyle h\) – призманың биіктігі.

Дұрыс алтыбұрышты призманың табанында \(\displaystyle a \small \) қабырғасы бар теңбүйірлі алтыбұрыш жатыр.

Демек, дұрыс алтыбұрышты призманың табанының периметрі

\(\displaystyle P_{таб}=6 \cdot a \small\) тең.

Төмендегіні аламыз:

\(\displaystyle S_{бүйір }=P_{таб } \cdot h{ \small ,} \)

\(\displaystyle S_{бүйір }=6 \cdot a \cdot h{ \small .} \)

Шартта берілген \(\displaystyle a\) және \(\displaystyle h\) мәндерін алмастырып, призманың бүйір бетінің ауданын есептейік:

\(\displaystyle S_{бүйір }=6 \cdot 5 \cdot 10=300{ \small .} \)

 Жауабы: \(\displaystyle 300 \small. \)