Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Көбейткіштерге жіктеу және екінші дәрежелі қысқаша көбейту формулалары

Тапсырма

Қысқаша көбейту формулаларын қолдана отырып, көпмүшені көбейткіштерге жіктеңіз:

\(\displaystyle (3y^{\,3}+2)^2-24y^{\,3}=\big(\)
3y^3-2
\(\displaystyle \big)^2\)
Шешім

Қосынды квадратының формуласын пайдаланып, жақшаларды ашайық:

Правило

Қосынды квадраты

Кез-келген \(\displaystyle a, \, b\)  сандары үшін төмендегілер дұрыс

\(\displaystyle (a+b\,)^2=a^{\, 2}+2ab+b^{\, 2}.\)

Сонда

\(\displaystyle (3y^{\,3}+2)^2-24y^{\,3}=\left(3y^{\,3}\right)^2+2\cdot 3y^{\,3}\cdot 2+2^2-24y^{\,3}{\small . }\)

Жақшаларды ашып, ұқсастарын келтіру арқылы өрнекті ықшамдайық:

\(\displaystyle \left(3y^{\,3}\right)^2+2\cdot 3y^{\,3}\cdot 2+2^2-24y^{\,3}=9y^{\,6}+12y^{\,3}+4-24y^{\,3}=9y^{\,6}-12y^{\,3}+4{\small . }\)

 

Айырма квадратының формуласын қолдана отырып, алынған өрнекті ықшамдайық:

Правило

Айырма квадраты

Кез-келген \(\displaystyle a, \, b\)  сандары үшін төмендегілер дұрыс

\(\displaystyle a^{\, 2}-2ab+b^{\, 2}=(a-b\,)^2.\)

Келесіні аламыз:

\(\displaystyle 9y^{\,6}-12y^{\,3}+4=\left(3y^{\,3}\right)^2-2\cdot 3y^{\,3}\cdot 2+2^2=\left(3y^{\,3}-2\right)^2{\small . } \)

 

Осылайша,

\(\displaystyle (3y^{\,3}+2)^2-24y^{\,3}=\left(3y^{\,3}-2\right)^2{\small . }\)


Жауабы: \(\displaystyle \left({\bf 3y^{\,3}-2}\right)^2{\small . } \)