Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: 5-ке бөлінгіштік белгілері

Тапсырма

 \(\displaystyle 2718\cdot 999\) сандарының көбейтіндісі \(\displaystyle 5\)-ке бөліне ме?

Шешім

Правило

Көбейткіштердің кем дегенде біреуі \(\displaystyle 5\)-ке бөлінсе, екі санның көбейтіндісі \(\displaystyle 5\)-ке бөлінеді.

Көбейткіштердің ешқайсысы \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбесе, екі санның көбейтіндісі \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.

 

\(\displaystyle 2718\cdot 999\) көбейтіндісіндегі әр көбейткішті қарастырайық.

1.\(\displaystyle 2718\) саны \(\displaystyle 8\) цифрымен аяқталатындықтан, \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.

2. \(\displaystyle 999\) саны \(\displaystyle 9\) цифрымен аяқталатындықтан, \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.

Біз көбейтіндіде \(\displaystyle 5\)-ке бөлінетін көбейткішті таппадық.

 

Жауабы:  жоқ, \(\displaystyle 5\)-ке бөлінбейді.