\(\displaystyle 54\) саны \(\displaystyle 3\)-ке бөліне ме?
\(\displaystyle 3\)-ке бөлінгіштік белгісі
Сан \(\displaystyle 3\)-ке тек оның цифрларының қосындысы \(\displaystyle 3\)-ке бөлінген кезде ғана бөлінеді.
Яғни, санның барлық цифрларының қосындысы \(\displaystyle 3\)-ке бөлінсе, сан \(\displaystyle 3\)-ке бөлінеді.
Егер санның барлық цифрларының қосындысы \(\displaystyle 3\)-ке бөлінбесе, сан \(\displaystyle 3\)-ке бөлінбейді.
\(\displaystyle 54\) саны \(\displaystyle {\bf5}\) және \(\displaystyle {\bf4}\) цифрларынан тұрады.
\(\displaystyle 54\) санының цифрларының қосындысы \(\displaystyle 5+4={\bf 9}\) тең.
\(\displaystyle 9\) саны \(\displaystyle 3\)-ке бөлінеді, демек \(\displaystyle 54\) саны \(\displaystyle 3\)-ке бөлінеді.
Жауабы: иә,\(\displaystyle 3\)-ке бөлінеді.