Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Бірмүшелік, оның стандартты түрі, дәрежесі және коэффициенті

Тапсырма

Барлық бірмүшелерді таңдаңыз

Шешім

Определение

Бір айнымалысы бар бірмүше

  • Бірмүше деп әрбір көбейткіші сан немесе натурал не нөлдік дәрежелі айнымалы болатын көбейтіндіні айтады.
  • Тек бір айнымалы қатысатын бірмүше бір айнымалысы бар бірмүше деп аталады.

Берілген өрнектерді ретімен тексерейік:

  • \(\displaystyle y^{\,3}+1+y\) –  бұл өрнек – бірмүше емес, себебі бұл қосынды (онда қосынды таңбасы бар);
  • \(\displaystyle 9{,}9y^{\,0}\) –  бұл өрнек – бірмүше, себебі бұл \(\displaystyle 9{,}9\) санының және нөлдік дәрежелі \(\displaystyle y\) айнымалысының көбейтіндісі;
  • \(\displaystyle 4\frac{1}{y^{\,32}}\) –  бұл өрнек – бірмүше емес, себебі көбейтіндідегі көбейткіштердің бірі бөлімінде айнымалысы бар бөлшек болып табылады;
  • \(\displaystyle \frac{18}{119}\) –  бұл өрнек – бірмүше, себебі  \(\displaystyle \frac{18}{119}\) – бұл сан, ал кез-келген сан бірмүше болып табылады;    
  • \(\displaystyle -0{,}3y^{\,12345}\) –  бұл өрнек – бірмүше, себебі бұл \(\displaystyle -0{,}3\) санының және \(\displaystyle 12345{\small }\) дәрежелі \(\displaystyle y\) айнымалысының көбейтіндісі.