Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту

Тапсырма

Көпмүшелердің көбейтіндісін табыңыз:
 

\(\displaystyle (3x^{\,5}-5x^{\,6})(2+10x^{\,2})=\)
-50x^8+30x^7-10x^6+6x^5
 
Жауапта көпмүшені стандарт түрде жазыңыз.
Шешім

Жақшаларды көбейту үшін алдымен бірінші жақшадағы әрбір мүшені екінші жақшаға көбейтеміз:

\(\displaystyle (\color{blue}{3x^{\,5}}-\color{green}{5x^{\,6}})\cdot (2+10x^{\,2})=\color{blue}{3x^{\,5}}\cdot (2+10x^{\,2})-\color{green}{5x^{\,6}} \cdot (2+10x^{\,2}){\small .}\)

 

Әрі қарай әр жақшаны олардың алдындағы көбейткішке көбейтіп, алынған бірмүшелерді стандарт түрге келтіреміз:

\(\displaystyle \begin{array}{l}\color{blue}{3x^{\,5}}\cdot (2+10x^{\,2})-\color{green}{5x^{\,6}}\cdot (2+10x^{\,2})=\color{blue}{3x^{\,5}}\cdot 2+\color{blue}{3x^{\,5}}\cdot 10x^{\,2}-(\color{green}{5x^{\,6}}\cdot 2+\color{green}{5x^{\,6}}\cdot 10x^{\,2})=\\\kern{4em} =(3\cdot 2)\cdot x^{\,5}+(3\cdot 10)\cdot (x^{\,5}\cdot x^{\,2})-((5\cdot 2)\cdot x^{\,6}+(5\cdot 10)\cdot (x^{\,6}\cdot x^{\,2}))=\\\kern{8em} =6x^{\,5}+30\cdot x^{\,5+2}-(10x^{\,6}+50\cdot x^{\,6+2})=6x^{\,5}+30x^{\,7}-(10x^{\,6}+50x^{\,8}){\small .}\end{array}\)

 

Жақшаларды ашайық. Жақшалардың алдында минус таңбасы тұрғандықтан, осы жақшалардың ішіндегі барлық таңбалар қарама-қарсы таңбаларға өзгереді:

\(\displaystyle 6x^{\,5}+30x^{\,7}-(10x^{\,6}+50x^{\,8})=6x^{\,5}+30x^{\,7}-10x^{\,6}-50x^{\,8}{\small .}\)

 

Алынған көпмүшені ондағы бірмүшелерді \(\displaystyle x\,{\small }\) кему дәрежелері бойынша қайта жазу арқылы стандарт түрге келтірейік:

\(\displaystyle 6x^{\,5}+30x^{\,7}-10x^{\,6}-50x^{\,8}=-50x^{\,8}+30x^{\,7}-10x^{\,6}+6x^{\,5}{\small .}\)

 

Осылайша,

\(\displaystyle (3x^{\,5}-5x^{\,6})(2+10x^{\,2})=-50x^{\,8}+30x^{\,7}-10x^{\,6}+6x^{\,5}{\small .}\)

Жауабы: \(\displaystyle -50x^{\,8}+30x^{\,7}-10x^{\,6}+6x^{\,5}{\small .}\)