Поверните устройство

Поверните устройство

Skip to main content

Теориясы: Бірмүше, оның стандартты түрі, дәрежесі және коэффициенті

Тапсырма

            Бірмүшелерді таңдаңыз.

Шешім

Правило

Көп айнымалылардың бірмүшесі

Бірмүше дегеніміз - әрбір көбейткіші натурал немесе нөлдік дәрежедегі сан немесе айнымалы болатын көбейтінді.

           

Бізге берілген өрнектерді ретімен тексереміз:

  • \(\displaystyle xy^{\,3}+1+zy^{\,2}\) –аталған өрнек бірмүше емес, себебі бұл көбейтінді емес, қосынды;

     
  • \(\displaystyle 9,9y^{\,0}\) –  аталған өрнек – бірмүше, себебі бұл \(\displaystyle 9,9\) санының және нөлдік дәрежедегі \(\displaystyle y\) айнымалысының көбейтіндісі;

 

  • \(\displaystyle 4x\,\frac{1}{y^{\,16}}z^{\,3}\) –  аталған өрнек бірмүше емес, себебі көбейтіндіде көбейткіштердің бірі бөлімінде айнымалысы бар бөлшек болып табылады;

 

  • \(\displaystyle \frac{15}{19}\) –  аталған өрнек – бірмүше, себебі \(\displaystyle \frac{15}{19}\) – бұл сан, ал кез-келген сан бірмүше болып табылады;

 

  • \(\displaystyle -0{,}3 s^{\,2}t^{\,12345}\) –  ​​​​​​​аталған өрнек – бірмүше, себебі бұл \(\displaystyle -0{,}3{\small }\) санының, \(\displaystyle 2\) дәрежелі \(\displaystyle s\) айнымалысының және \(\displaystyle 12345{\small }\) дәрежесіндегі \(\displaystyle t\) айнымалысының көбейтіндісі.